Любите балет?

Заполните анкету.
Это не займет у вас много времени

Заполнить анкету

«Ромео мен Джульетта»

«Астана Балет» театры қос ғашық Ромео мен Джульетта жайлы әйгілі шығарманың өзіндік нұсқасын ұсынады. «Ромео и Джульетта» — XVII ғасыр басында Уильям Шекспир жазған пьеса. Шығарма желісі Ромео Монтекки мен Джульетта Капулеттидің қарым-қатынасына құралған. Екеуі  Италияның Веронасындағы біріне-бірі қас екі отбасының өкілі.

 

«Symphony time»

«Symphony time» музыка фестивалі

«Symphony Time» музыкалық фестивалі аясында «Астана Балет» театры пианист Әлім Бейсембаев қатысатын симфониялық концерт ұсынады.

Бағдарламада:

- П. И. Чайковский — Фортепиано мен оркестрге арналған № 1 концерт

- Д. Д. Шостакович — № 5 симфония

«Астана Балет» театры оркестрі мен пианист Әлім Бейсембаевтың орындауындағы Чайковский мен Шостакович музыкасы тыңдарманға жарқын әсер сыйлайды. Осы кешті симфониялық музыка ортасында өткізуге шақырамыз.

«Symphony time»

«Symphony time» музыка фестивалі

«Symphony time» музыкалық фестивалі аясында «Астана Балет» театры көрнекті пианист Әмір Тебенихиннің қатысуымен өтетін симфониялық концертке шақырады.

 

Бағдарламада:

С. С. Прокофьев

Оркестр мен фортепианоға арналған № 3 концерт

С. В. Рахманинов

«Симфониялық билер»

 

«Астана Балет» театрының симфониялық оркестрі мен дарынды пианист Әмір Тебенихиннің орындауындағы Прокофьев пен Рахманиновтың музыкасы тыңдарман қауымға жарқын эмоциялар, мінсіз әуез бен ұмытылмас музыкалық әсер сыйлайды.

«Алтын Гүл»

Бұл спектакль өз ішіңе бойлап, өзіңді тану жолындағы сынақтар жайлы баяндайды.  Сюжеттің басты кейіпкері Зергер дәруіш. Ол өзі үшін маңызды сұрақтарға жауап іздеп жолға шығады. Оның жолында – бейнелерге толы арман, көш-керуен жол, табиғат пен жалғыздықты сынау. Қиындықтарға қарамастан, ол одан әрі жетелейтін ішкі сезімге сүйене отырып, алға қарай ұмтылады. Бірте-бірте бұл жол оны өмірдің, күш пен жаңарудың белгісі ретінде қызғалдақ бейнесі арқылы символдық түрде ашылатын маңызды жаңалыққа бастайды. Бұл мағынаны табу, қиындықтарды жеңу және көкірек көзінің ашылуы туралы көпшілікке түсінікті әрі жақын оқиға.

Хореография – Мукарам Авахри, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Музыка – Ренат Ғайсин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Либретто – Бақыт Қайырбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ұлы Дала мұрасы

«Ұлы Дала мұрасы» концерттік бағдарламасы театрдың еліміз бен шет елдерде жиі көрсететін, ұжымның қарым-қабілетін, болмысын әйгілейтін дүниеге айналды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Тәти қойған халық билері көңіліңізді баурап әкетіп, жүрегіңізді әлдилейтіні даусыз. Қайталанбас пластикалық сурет, бишілердің болмыс-бітімі – баршасы тартымдылық күшке ие. Ал, биқойылымдары қазірдің өзінде қазақ халық биінің жауһарына айналып үлгірді: Арулар, Әсем қоңыр, Қыз қайың, Кербез сұлу, Нұр шашу, Сый-сияпат, Ақ қыз және басқалары.

«Falling angels» «Bolero X»  «LOVE.FEAR.LOSS»

Бір кеште Шахар Биньяминидің «Bolero X», Рикардо Амарантенің «Love. Fear. Loss» және Иржи Килианның «Падшие ангелы» хореографиялық туындылары тоғысады. Равель, Эдит Пиаф және Стивен Райхтың музыкасы қимыл мен пластика арқылы жаңа сипатқа ие болып, әр қойылымда өзіндік хикаясын баяндайды.

Ұрпақтарды байланыстырған музыка

Қазақ симфониялық музыкасының атасы -  Ахмет Жұбановтың шығармашылығына арналмақ.
Сіздерді ұлы композитор, музыкатанушы әрі дирижер Ахмет Қуанышұлы Жұбановтың мұрасымен таныстырар  ерекше музыкалық кешке шақырамыз. Бұл кеште көрермен оның мәңгілік музыкасын тыңдап қана қоймай, оның отбасымен — ұлы композитордың шөберелерімен, Жұбанов әулетінің үрім-бұтағымен таныса алады.

Бағдарламада Ахмет Жұбановтың шөберелері — Жұбанов Жәңгір, Жұбанова Іңкәр мен Томирис Али орындаған шығармалар шырқайды. Әртістер көрермен қауымды Ұлы бабаның шығармашылығы мен мұрасына байланысты отбасылық оқиғалармен бөліседі, сонымен қатар оның шығармаларына арналған жаңа музыкалық дискінің тұсаукесерін өткізеді.
Кештің жүргізушісі ретінде Ахмет Жұбановтың шөбересі болып табылатын "Астана Балет" театрының дирижері әрі әртісі Элмар Бөрібаев өнер көрсетеді.

Бұл жай ғана концерт емес, музыка тарихымен танысу — ұлы композитордың музыкасы оның ұрпақтары, отбасылық дәстүрді жалғастырушылар және оның фамилиясын ұстаушылар орындайтын кеш болмақ.

 

 

Раушан гүлі мен көбелектің романы

1904 жылы әйгілі Мариус Петипа ойлап тапқан балет көптеген жылдар ұмыт қалған жайы бар.  Бір ғасырдан кейін осы классикалық мұраны белгілі балетмейстер Василий Медведев Қазақ ұлттық хореография академиясының тәрбиеленушілері үшін арнайы қайта сахналады. Бұл махаббат, қатал сынақ, адалдық, тектілік және жақсылықтың бар нышаны туралы баяндайтын балет.
Жандос Омаровтың декорациялары мен Наталья Протасованың талғампаз костюмдері спектакльді ерекше ертегі атмосферасына бөлеп тұр. Олар Санкт-Петербор мемлекеттік театр және музыка өнері мұражайының Академияға тарту еткен Иван Всеволожскийдің  түпнұсқа эскиздерінен шабыт алды.
Классикалық мектептің кемелділігімен үйлескен орындаушылардың жастық энергиясы көрерменге қазақстандық сахнада жаңа өмірге ие болған әлемдік балеттің сирек кездесетін інжу-маржанымен  табыстырмақшы.

Хореографиялық мектептердің әлемдік шоқжұлдызы: «Temps lié» фестиваліне қатысушылардың гала-концерті

Қазақ ұлттық хореография академиясы "temps lié" хореографиялық оқу орындарының IV халықаралық фестивалі аясында қатысушылардың салтанатты гала-концертін ұсынады. 21 қарашада Astana Ballet кәсіби сахнасында Қазақстан, Ресей, Қытай, Мажарстан, Өзбекстан, Моңғолия және Қырғызстаннан жеті жетекші балет мектебінің білім алушыларын біріктіретін ерекше концерт өтеді. 

Академия түлектерінің шоқжұлдызы: Фестивальдің салтанатты жабылуы және академия түлектерінің гала-концерті

Бір кездері олар бұл сахнаға жас әртістермен шықты, ал бүгін — Қазақстан мен әлемнің жетекші театрларының сахналарында жарқыраған танымал шеберлер. Мерейтойлық кеште түлектер көрерменге өнерді сыйлау үшін тағы да кездеседі, онда техниканың кемелдігі көркемдік күшпен, ал шеберлігі көркемдік бейненің тереңдігімен үйлеседі. Бұл кеш Академияның он жылдық сапарының, оның шығармашылық жеңістерінің және дәріптейтін әртістердің тұтас буынының жарқын қорытындысы болмақ. Бір кеш. Бір көрініс. Академия біріктіретін жұлдыздар. Тарихи кездесудің куәсі болыңыз және өзіңізге нағыз сұлулық, ізет және үлкен балет өнерінің кешін сыйлаңыз.

Корейлік скрипкашы Лим Джиённың қатысуымен өтетін « Астана Балет» театрының симфониялық концерті

Бас дирижер Арман Оразғалиевтің жетекшілігімен «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрі романтикалық музыканың жарқын жауһарларының бірі – Макс Брухтың №1 соль минор, 26 оп. скрипка концертін орындайды. 

 

«Щелкунчик» 

Жаңа жылдың басты символы - "Щелкунчик" ғажайып балеті, "Астана Балет" сахнасында 22-31 желтоқсан күндері

11 Қазан

«Symphony time» музыка фестива...

«Symphony time» музыкалық фестивалі аясында «Астана Балет» театры көрнекті пианист Әмір Тебенихиннің қатысуымен өтетін симфониялық концертке шақырады.

16 Қазан

«Алтын Гүл»

Сюжеттің басты кейіпкері Зергер дәруіш. Ол өзі үшін маңызды сұрақтарға жауап іздеп жолға шығады. Оның жолында – бейнелерге толы арман, көш-керуен жол, табиғат пен жалғыздықты сынау. Қиындықтарға қарамастан, ол одан әрі жетелейтін ішкі сезімге сүйене отырып, алға қарай ұмтылады.

17 Қазан

«Алтын Гүл»

Сюжеттің басты кейіпкері Зергер дәруіш. Ол өзі үшін маңызды сұрақтарға жауап іздеп жолға шығады. Оның жолында – бейнелерге толы арман, көш-керуен жол, табиғат пен жалғыздықты сынау. Қиындықтарға қарамастан, ол одан әрі жетелейтін ішкі сезімге сүйене отырып, алға қарай ұмтылады.

24 Қазан

Ұлы Дала мұрасы

«Ұлы Дала мұрасы» концерттік бағдарламасы театрдың өз еліміз бен шет елдерде жиі көрсететін, ұжымның қарым-қабілетін, болмысын әйгілейтін дүниеге айналды. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Тәти қойған «Ұлы Дала мұрасы» бағдарламасына енген халық билері түрлі мәнер мен әр түрлі көркемдік тәсілдерді қолдана отырып шығарылған.

30 Қазан

Ромео мен Джульетта

«Астана Балет» театры қос ғашық Ромео мен Джульетта жайлы әйгілі шығарманың өзіндік нұсқасын ұсынады. «Ромео и Джульетта» — XVII ғасыр басында Уильям Шекспир жазған пьеса. Шығарма желісі Ромео Монтекки мен Джульетта Капулеттидің қарым-қатынасына құралған. Екеуі  Италияның Веронасындағы біріне-бірі қас екі отбасының өкілі. Музыка-Сергей Прокофьев,...

31 Қазан

Ромео мен Джульетта

«Астана Балет» театры қос ғашық Ромео мен Джульетта жайлы әйгілі шығарманың өзіндік нұсқасын ұсынады. «Ромео и Джульетта» — XVII ғасыр басында Уильям Шекспир жазған пьеса. Шығарма желісі Ромео Монтекки мен Джульетта Капулеттидің қарым-қатынасына құралған. Екеуі  Италияның Веронасындағы біріне-бірі қас екі отбасының өкілі. Музыка-Сергей Прокофьев,...

13 Қараша

«Bolero X»  «LOVE.FEAR.LOSS» «...

Бір кеште Шахар Биньяминидің «Bolero X», Рикардо Амарантенің «Love. Fear. Loss» және Иржи Килианның «Падшие ангелы» хореографиялық туындылары тоғысады. Равель, Эдит Пиаф және Стивен Райхтың музыкасы қимыл мен пластика арқылы жаңа сипатқа ие болып, әр қойылымда өзіндік хикаясын баяндайды.

14 Қараша

«Bolero X»  «LOVE.FEAR.LOSS» «...

Бір кеште Шахар Биньяминидің «Bolero X», Рикардо Амарантенің «Love. Fear. Loss» және Иржи Килианның «Падшие ангелы» хореографиялық туындылары тоғысады. Равель, Эдит Пиаф және Стивен Райхтың музыкасы қимыл мен пластика арқылы жаңа сипатқа ие болып, әр қойылымда өзіндік хикаясын баяндайды.

20 Қараша

Раушан гүлі мен көбелектің ром...

1904 жылы әйгілі Мариус Петипа ойлап тапқан балет көптеген жылдар ұмыт қалған жайы бар. Бір ғасырдан кейін осы классикалық мұраны белгілі балетмейстер Василий Медведев Қазақ ұлттық хореография академиясының тәрбиеленушілері үшін арнайы қайта сахналады. Бұл махаббат, қатал сынақ, адалдық, тектілік және жақсылықтың бар нышаны туралы баяндайтын балет...

21 Қараша

Хореографиялық мектептердің әл...

Қазақ ұлттық хореография академиясы "temps lié" хореографиялық оқу орындарының IV халықаралық фестивалі аясында қатысушылардың салтанатты гала-концертін ұсынады.

22 Қараша

Академия түлектерінің шоқжұлды...

Фестивальдің соңғы аккорды академия түлектерінің үлкен гала - концерті болмақ.

28 Қараша

Корейлік скрипкашы Лим Джиённы...

28 қарашада «Астана Балет» театрының сахнасында Корея Республикасы елшілігінің корей мәдени орталығы мен «Астана Балет» театры бірлесіп ұйымдастырған виртуоздық скрипкашы Лим Джиённың қатысуымен симфониялық концерт өтеді.

Театр әртістері

Барлық әртістер
21.09.2026
"Астана Балет" театры XIV театр маусымын ашты

2 қыркүйекте "Астана Балет" театры XIV театр маусымының шымылдығын ежелгі аңыз бен заманауи сахналық әуезге ие болған ауқымды қойылым "Қос кілем" спектаклімен ашты.

03.09.2026
«Астана Балет» театры Арман Қырықбаевты жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтайды!

«Астана Балет» театрының ұжымы сізді Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтайды!

20.08.2026
«Астана Балет» театры XIII театр маусымының шымылдығын «Алтын Гүл» балетінің премьерасымен жапты

26 және 27 маусымда «Астана Балет» театры XIII театр маусымын жарқын аяқтап, көрермен қауым көптен күткен «Алтын Гүл» ұлттық балетінің премьерасын өткізді. Екі күндік премьералық көрсетілімде көрермен залында ине шаншыр орын болмай, балет сыншылары,...

Остались вопросы?