Екі көріністі балет
Музыка – Сергей Прокофьев
Қоюшы-хореограф, Шарль Перро ертегісінің желісімен
жазылған либретто авторы – Надежда Калинина
Қоюшы-дирижер – Арман Оразғалиев
Қоюшы-суретші, костюм суретшісі – Сергей Новиков
Жарық суретшісі – Игорь Тупикин
Бейне суретшілер: Кирилл Маловичко, Маша Небесная
Қоюшы-хореографтың ассистенті – Қазбек Ахмедияров
«Күлшеқыз» балетінің жарқын қойылымы кедей қыздың ғажайып түрде әуелі патшалық балға әдемі қонақ болып, кейіннен нағыз ханшайымға айналу тарихына негізделген.
Шарль Перроның әңгімесі балет үшін таптырмас сюжет, себебі мұнда ғажайып өзгерістер, сарай төріндегі бал, әуезді махаббат хикаясы және соңында мейірімділік пен жақсылықтың жеңісі көрініс табады.