"Астана Балет" театрына кірудің тәртібі

Біздің театрымызға қош келдіңіз!

Билет сатып алғанда осы Ережелермен келісіп, Театр ғимаратының ішінде оны сақтауға міндеттелесіз.
  1.  

    Барлық көрерменнің жеке билеті болуы тиіс. Жеті жасқа толмаған балалар кешкі спектакльдерге кіре алмайды.

  2.  

    Көрермен спектакльдің басталуына кешігіп келсе, билет қайтарылмайды да, қайтып алынбайды. Билет бағасы тек спектакль қойылмаған жағдайда немесе спектакль кешірек мерзімге ауыстырылған күнде ғана қайтарылады.

  3.  

    Актерлер құрамының өзгеруі билетті қайтаруға негіз бола алмайды.

  4.  

    Спектакль басталардан бір сағат бұрын көрермен қауым театрға кіре бастайды.

  5.  

    Спектакль басталғаннан кейін, партерге кіруге болмайды. Егер Сіз кешігіп қалсаңыз, түсіністікпен қарап әрі бос орын болған күнде ғана спектакльдің бірінші актін балконнан қарауыңызға болады. Антракт кезінде өз орныңызға жайғассаңыз болады. Сонымен қатар, фойеде монитор арқылы спектакльді тікелей трансляция арқылы да көруге болады.

  6.  

    Спектакльдер Театр мен қоюшы-хореографтардың зияткерлік меншігі. Авторлық құқықты қамтамасыз ету үшін бейне, аудио және фото түсірілім жасауға рұқсат берілмейді. Спектакль кезінде ұялы байланысты қолдануға болмайды. Дыбыстық дабылдар спектакль кезінде өшіріліп қоюы тиіс.

  7.  

    Егер Сіз VIP-билет иесі болсаңыз, антракт кезінде Champagne bar қызметін қолдана аласыз.

  8.  

    Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін театрда арнайы жағдайлар қарастырылған. Театр көрерменнің бір тобын кресло-арбамен күтіп ала алады. Егер осы мүмкіндікті қолданғыңыз келсе, билет салып алмас бұрын, нақты спектакльге кіру мүмкіндігін мына телефон арқылы нақтылап алғаныңыз жөн: +77172 62-12-60.

  9.  

    Кешкі сәнді киім кисеңіз құба-құп.

  10.  

    Сіздің театрға келіп-кетуіңіз барынша жайлы болуы үшін әкімшілік қолынан келгеннің бәрін жасайды.

Біздің спектакльдер мен концерттерде кездескенше!