Назерке Аймұхаметова
2014 жылы А.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесін тәмамдады (ұстаз Әлиева Г. Ж. сыныбы)
2014 - 2018 жылдар аралығында «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының және Радченко атындағы Орыс ұлттық балетінің (Мәскеу, РФ) балет труппаларында өнер көрсетті. Репертуарында мына спектакльдердегі жеке партиялары болған:
Бақшасарай бұрқағы (Мария), Арлекинада, Баядерка, Щелкунчик, Аққу көлі (pas de trois), Ұйқыдағы ару, Жизель (кіріккен па-де-де), Манон және т.б.
2015 жылдан «Астана Балет» театрының труппасында.
Репертуары:
Жусан (қалыңдық), Саломея – хореограф Мукарам Авахри
Жизель (Жизель), Diversity – хореограф Рикардо Амаранте
Щелкунчик (Маша) – хореограф Василий Вайнонен
Кончерто Барокко – хореограф Джордж Баланчин
Күлше қыз (Күлше қыз)- хореограф Надежда Калинина
A Journey of a memory - хореограф Раймондо Ребек
Қозы Көрпеш – Баян Сұлу (Баян Сұлу) – хореограф Георгий Ковтун
Орфей мен Эвридика (Психея) - хореограф Кристина Полин
Сонымен қатар, репертуарында хореографиялық миниатюралар бар:
Сый-сияпат - хореограф Айгүл Тәти
Марапаттар:
Халықаралық байқаудың дипломанты (Бішкек, 2007 ж.)
«Өрлеу» Халықаралық байқауының лауреаты (Алматы, 2014 ж., 3 жүлде)