«Astana Ballet» театры 2012 жылы Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Театрдың алғашқы концерті 2013 жылдың шілде айында көрсетіліп, бұл театрды көрермен қауым жылы қабылдағаны бірден көрінді. Осы күні театрдың жанкүйерлері Қазақстанда ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде бар.
Театрдың түрлі жанрдағы репертуары әлемдік және отандық шедеврлермен, бірегей хореографиялық қойылымдармен үнемі толысып отырады.
Ұжым өнер көрсететін негізгі алаң – «АСТАНА БАЛЕТ ТЕАТРЫ», 2016 жылдың желтоқсан айында ашылды.
Театрдың жалпы көлемі – 15.467 м². Көрермен залында 783 орын (партер 609 орын, самалдықтың 2 ярусы 104 орын, 3 ярусы 70 орын). Театр кеңістігін қолданудың заманауи стандарттарына сай сахна көлемі – 536 м². Авансцена, арьерсцена мен қуыстарды қоса есептегенде, жалпы сахна көлемі 1000 м² артық. Оркестр орны 50-60 музыкантқа ыңғайластырылған.
Сахнаны трансформациялау үшін жылжымалы және көтеріп-түсіру механикасының соңғы үлгілері қолданылады. Сахна төрт көтеріп-түсіру планшеті мен төрт әртістік көтергішпен жабдықталған. Жарық беру кешенінде дәстүрлі театр қондырғылары және жүйелерімен қатар, осы саладағы соңғы инновациялық жаңалықтар қолданылған. 800 жарық жабдықтары орнатылып, соның арқасында көркемдік жарықты жоғары сапада жасау мүмкіндігі бар.
Театрда 2 репетициялық зал бар. Олардың көлемі сахна көлеміне сәйкес, осының өзі жаңа спектакльдерді жасау үрдісіне септігін тигізері анық.
«Астана Балет» театрының сахнасы режиссерлер мен сценографтарға зор мүмкіндіктер беріп, батыл әрі бірегей идеяларын жүзеге асыруына жол ашады.