Ұлы Дала мұрасы


Ұлы Дала мұрасы


«Ұлы Дала мұрасы» концерттік бағдарламасы театрдың еліміз бен шет елдерде жиі көрсететін, ұжымның қарым-қабілетін, болмысын әйгілейтін дүниеге айналды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Тәти қойған халық билері көңіліңізді баурап әкетіп, жүрегіңізді әлдилейтіні даусыз. Қайталанбас пластикалық сурет, бишілердің болмыс-бітімі – баршасы тартымдылық күшке ие. Ал, биқойылымдары қазірдің өзінде қазақ халық биінің жауһарына айналып үлгірді: Арулар, Әсем қоңыр, Қыз қайың, Кербез сұлу, Нұр шашу, Сый-сияпат, Ақ қыз және басқалары.

Билетті сатып алу Билетті сатып алу