Фархад Буриев

2006 жылы А.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесін тәмамдады (ұстаз Бүркітбаев А. Г. сыныбы)

2016 жылы – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын аяқтады (режиссер-хореограф мамандығы бойынша бакалавр).

2005 және 2017 жылдар аралығында – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының балет әртісі, жетекші солисті.

Репертуарында мына балеттердің жетекші партиялары болған:

Ұйқыдағы ару (Дезире), Аққу көлі (Зигфрид), Баядерка (Солор), Корсар (Конрад), Дон Кихот (Эспада), Шопениана, Шехерезада (Алтын құл), Ромео мен Джульетта (Ромео, Парис), Махаббат туралы аңыз (Ферхад), Анна Каренина (Вронский), Қызыл Жизель (Лифарь), Жизель (Альберт), Чарли, Antico мәнеріндегі сюита (Ғашық жұптар), Ұлы дала аңыздары, Кармина Бурана, Кармен-сюита (Торреро, Хосе), Сильфида (Джеймс), Спартак (Красс).

2016 - 2017 жылдары А.В.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінде дуэтті-классикалық биден дәріс берген.

2017 жылдан «Астана Балет» театрының труппасында.

Репертуары:

Серенада - хореограф Джордж Баланчин

Вальпургиев түні (Загрей) - хореограф Георгий Ковтун

Жизель (Альберт), Қиялға бойлау (Сергей Рахманинов - торығу), A fuego lento, Diversity, Love fear loss (екінші дуэт) - хореограф Рикардо Амаранте

Контраст - хореограф Рубен Терранова

Саломея (Иоанн Бастаушы), Бейбарыс Султан, Тағдыр бұлтарыстары (Күш) – хореограф Мукарам Авахри

In the Middle, Somewhat Elevated - хореограф Уильям Форсайт

Щелкунчик (Ханзада) – хореограф Василий Вайнонен

Махаббаттың ғайып болған дарабоздары - хореография Николо Фонте

Кармен-сюита (Хосе, Коррехидор) – хореограф Альберто Алонсо

Ромео мен Джульетта (Тибальд) – хореограф Владимир Яковлев

Махаббат туралы аңыз (Фархат, Уәзір) – хореограф Юрий Григорович

Өткенге саяхат – хореограф Раймондо Ребек

Сонымен қатар, репертуарында хореографиялық миниатюралар бар:

«Спартак» балетінен адажио – хореограф Георгий Ковтун 

Марапаттар:

Мәдениет қайраткері медалі

Құрмет орденінің иегері