Үш көріністі балет
Музыка – Петр Ильич Чайковский
Либретто мен сценарлық жоспар – Э. Т. А. Гофманның ертегісі бойынша Мариус Петипа
Хореограф – Василий Вайнонен
Қойған – РФ халық әртісі Алтынай Асылмұратова
Костюмдер – Ольга Шаишмелашвили
Сценография – Жандос Омаров
Спектакльде А.Дюма-әкенің Э.Гофманның қуыршақ пен тышқан патшасы туралы әйгілі неміс ертегісінің қайта баяндалған нұсқасы негізге алынған. Балет әлемдік даңққа бөленіп, жаңа жылдық мерекелердің дәстүрлі символына айналған. Щелкунчиктің сан-түрлі интерпретациясы бар, алайда, Василий Вайнонен нұсқасы әлемнің жетекші театрларында қойылып келеді. Соның ішінде, қара шаңырағы – Мариин театрында. Хореограф бұл балетті Санкт-Петерборда қойған. Оның алғашқы премьерасында басты партияларды әйгілі бишілер Галина Уланова мен Константин Сергеев орындаған. Балет сыншылары осы редакцияның ерекше жеңіл, әрі ертегіге сай күйде жасалғанын атап өтеді. Мұнда бәрі бар: әдемі сценография, романтикалық кейіпкерлер, жарқын костюмдер мен сөзсіз ғажап хореография. Сондықтан болар, оны «балет-феерия» - «балет-ертегі» деп атауы да бекер емес.
Премьера 2017 ж. 22 - желтоқсан, «Астана Балет» театры, Нұр – Сұлтан
Балет ұзақтығы 2 сағат 8 минут