Театрдың симфониялық оркестрі харизматикалық француз маэстросы Кристоф Мангудың жетекшілігімен адам сезімдерінің ауқымды музыкалық антологиясын ұсынады.
Кеш бағдарламасында — Моцарт, Рихард Штраус, Прокофьев пен Бернстайнның ұлы туындылары. «Дон Жуанның» жұмбақ драматизмі мен «Ромео мен Джульеттаның» нәзік сезімінен «Вестсайд хикаясының» экспрессивті джаз ырғақтарына дейін. Бұл — дәуірлер мен стильдер арқылы өтетін сезімге толы саяхат, мұнда әрбір аккорд махаббат пен құштарлықтың мәңгілік тартысын ашып көрсетеді.
Бағдарламада:
В. А. Моцарт — «Дон Жуан» операсына увертюра.
Р. Штраус — «Дон Жуан» симфониялық поэмасы.
Л. Бернстайн — «Вестсайд хикаясы» мюзиклінен симфониялық билер.
С. Прокофьев — «Ромео мен Джульетта» балетінен № 2 сюита (үзінділер).
Дирижёр — Кристоф Мангу.