Құрметті Арман Оразбайұлы!
«Астана Балет» театрының ұжымы сізді Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтайды!
Мәдениет, өнер және мемлекеттік басқару салаларындағы көпжылдық кәсіби жолыңыз жаңа әрі жауапты қызметтің заңды жалғасы екені сөзсіз.
Сіз мәдениет саласының тыныс-тіршілігін, шығармашылық ұжымдардың мақсат-міндеттері мен өнердің қоғам өміріндегі ерекше орнын жақсы білесіз. Бұл тәжірибе бүгінгі таңда ұлттық мәдениетті дамыту, шығармашылық бастамаларды қолдау және мәдени кеңістіктің жаңа мүмкіндіктерін кеңейту жолында ерекше маңызға ие.
Мәдениет – ұлттың рухани болмысын айқындайтын, қоғамды біріктіретін және ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын маңызды құндылық. Сондықтан Сіздің жаңа қызметіңізде мәдениет пен өнер саласында тың бастамалар жүзеге асып, шығармашылық ұжымдарға жаңа мүмкіндіктер ашылады деп сенеміз.
«Астана Балет» театры еліміздің жетекші шығармашылық ұжымдарының бірі ретінде отандық өнерді дамытуға және оны кеңінен дәріптеуге бағытталған ортақ бастамаларға әрдайым ашық.
Сізге жауапты қызметіңізде табыс, толағай жетістіктер, маңызды шешімдеріңізге сәттілік және ел игілігі жолындағы еңбегіңізге күш-қуат тілейміз! Алдағы уақытта жүзеге асатын жаңа жобаларыңыз бен бастамаларыңыз Қазақстан мәдениетінің өркендеуіне қызмет ете берсін!
Ізгі ниетпен,
«Астана Балет» театрының ұжымы