Симфониялық оркестрдің «Concerto Grosso» концерті

Бұл кеште әр дәуірдің музыкасы өзара үнқатысуға түседі, ал әрбір шығарма музыка өнерінің жаңа қырын ашады.

Бағдарламада — Иоганн Себастьян Бах пен Альфред Шниткенің туындылары. Композиторлардың шығармашылығын ғасырлар бөліп тұрғанымен, оларды музыкалық ойдың тереңдігі мен қайталанбас көркем тіл біріктіреді.

 

Бахтың бір және екі скрипкаға арналған оркестрмен концерттері барокко музыкасының нәзік сұлулығын, солистердің шеберлігін және дыбыс үйлесімін сезінуге мүмкіндік береді. Кештің ерекше оқиғасы — Альфред Шниткенің «Concerto Grosso № 1» шығармасының орындалуы: онда барокко дәстүрлері заманауи үнге ие болып, контрастар мен күтпеген музыкалық шешімдер ерекше атмосфера қалыптастырады.

 

Бағдарламада:

И. С. Бах — ля минордағы скрипка мен оркестрге арналған концерт.

И. С. Бах — ми мажордағы скрипка мен оркестрге арналған концерт.

И. С. Бах — ре минордағы екі скрипка мен оркестрге арналған концерт.

А. Шнитке — Concerto Grosso № 1.

Солистер: Павел Романенко (скрипка), Қаламқас Жұмабаева (скрипка), Алтынай Құлыбаева (клавесин).

Дирижёр — Элмар Бурибаев.