Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен және «Астана Балет» театрымен бірлесіп, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының жобасы - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына “Арнау” атты симфониялық музыка кешін ұсынады.
11 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында, «Астана Балет» театрының сахнасында Лидс қаласындағы (Ұлыбритания) беделді ХХ халықаралық пианистер байқауының лауреаты, феноменальды қазақстандық пианист Әлім Бейсембаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің концерті өтеді.
Әлім Бейсембаевтың жеңісі бүкіл әлемдік классикалық музыка қауымы үшін тың серпін болғаны сөзсіз.
Қазақстан қашанда өз таланттарымен танымал болды. Соңғы жылдары қазақстандықтардың өнер саласындағы әлемдік деңгейдегі жетістіктері күллі ғаламды таң қалдыруда.
Жас пианист Әлім Бейсембаевтың да классикалық музыкада орындаушылық биіктерге жетіп, ең беделді халықаралық байқаудың жеңімпазы атанғаны қуантады. Елордада өтетін бұл концерт еліміздің музыкалық өміріндегі тамаша оқиға болып табылады, өйткені Әлімнің іс-шаралар кестесінің әр минуты нақты белгіленген.
Концерттік бағдарламада:
1. Людвиг ван Бетховеннің №3 «Героическая» симфониясы
2. Сергей Рахманиновтың Паганини тақырыбына рапсодиясы, ля минор 43-оп.,
3. Морис Равельдің «Дафнис пен Хлоясы»
Анықтама үшін: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі – 1938 жылы құрылған кезеңінен бірден концерттік іс-шараларды жүргізе бастаған алғашқы симфониялық оркестр. Чехия, Польша, Германия, Австрия, Франция, Ұлыбритания, Америка, Түркия, Корея, Қытай елдерінің композиторларымен, көрнекті дирижерларымен авторлық концерттік кездесулер ұйымдастырып, әлемдік деңгейдегі көптеген орындаушылармен бірге өнер көрсетуі Оркестрдің жемісті жұмысының нәтижесі болып табылады.
Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры – Қанат Омаров. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі, Саппоро қаласында (Жапония) өткен Тынық мұхиты музыка фестивалінің қатысушысы. 2013 жылдан бастап Цюрих опера театрының Халықаралық опера студиясының мүшесі және Цюрих операсының бас музыкалық директоры Фабио Луизидің көмекшісі болды.
Тынық мұхиты музыкалық фестивалі оркестрімен және Цюрих камералық оркестрімен жұмыс істеді, АҚШ-тағы концерттерде Құрманғазы атындағы симфониялық оркестріне дирижерлік етті, Карнеги Холл (Нью-Йорк), Кеннеди орталығы (Вашингтон), Китара Холл (Жапония), Мәскеу консерваториясының үлкен залы, Мариинский театрының концерттік залы сияқты үлкен сахналарда өнер көрсетті.
Әлім Бейсембаев - Лидсте өткен халықаралық пианисттер байқауының жеңімпазы, біздің заманымыздың үздік пианисттерінің ондығына енді. 1998 жылы Қарағандыда дүниеге келген, бес жасында фортепианода ойнай бастаған. Орталық музыка мектебінде оқу үшін 10 жасында Мәскеуге көшті. Сол жылы «Щелкунчик» халықаралық телевизиялық байқауында жеңімпаз атанып, жастайынан Ресейде атақ-даңққа ие бола бастады.
Клайберн атындағы халықаралық жас пианистер байқауының (АҚШ) бірінші жүлдегері атанып, 2016 жылы Лондондағы Корольдік музыка академиясының стипендиаты болды. Мюнстер графинясының Hattori Foundation и Drake Calleja Trust қорының марапаттарының және ABRSM стипендиясының иегері. Әлім қазіргі уақытта профессорлар Ванесса Латарш пен Дмитрий Алексеевтің жетекшілігімен Корольдік музыкалық колледжде магистратураны тәмамдауда.