Астанада өнер саласындағы екінші Umai ұлттық сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Жеңімпаздар «Астана Опера» театрының Үлкен залында салтанатты түрде марапатталды. Еліміздегі айтулы оқиғалардың бірінде өнер құдіреті тағы бір әспеттеліп, мәдениет саласында топ жарған үздіктерге қошемет көрсетілді. Umai сыйлығының салтанатты рәсімін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ашып.
Қазақ биін қоюшылардың көшін бастап тұрған Айгүл Тәти «Үздік хореограф» ретінде танылды. Яғни, оның отандық хореография өнеріне қосқан үлесі еленіп, мойындалды.
«Үздік балалар спектаклі» аталымы бойынша «Қар патшайымы» балеті (музыка – Радик Салимов, қоюшы-балетмейстер, либретто авторы – Георгий Ковтун, қоюшы-дирижер – Элмар Бөрібаев) арнайы сыйлықпен марапатталды. Көрермен көзайымына айналған қойылым озық болып танылды.
«Nine» хореографиялық миниатюрасы (музыка – Лиза Джеррард, қоюшы-балетмейстер Олжас Маханбетәлиев) «Жыл жаңалығы» арнайы жүлдесінің лауреты атанды. Автордың дебюттің туындысы заманауи хореографияның жарқын үлгісіне айналды.
«Астана Балет» театры лауреаттарды лайықты марапатымен құттықтап, сарқылмас шығармашылық шабыт тілеп, ізденіске толы батыл идеяларының әрдайым сахна төрінен көрінуіне тілектестігін білдіреді.