15/09/2022

«Астана Балет» театрының жетекші солисті Сүндет Сұлтанов жайлы мақала «Жаңа Қазақстанның 100 жаңа есімі» энциклопеиясына енетін болды

«Астана Балет» театрының жетекші солисті Сүндет Сұлтанов жайлы мақала «Жаңа Қазақстанның 100 жаңа есімі» энциклопеиясына енетін болды.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» атты жоба – Тәуелсіздік жылдары еліміздің өркендеуіне үлес қосқан нақты адамдардың мысалында табыс, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм мен білімді асқақтатуды мақсат тұтады.

«Астана Балет» театрының труппасына Сүндет Сұлтанов 2017 жылы қосылды. Репертуарында «Щелкунчик» (хореограф – Василий Вайнонен), «Күлше қыз» (хореограф – Надежда Калинина), «Longing» (хореограф – Рикардо Амаранте), «Instinct» (хореограф – Дэвид Джонатан), «Желтораңғы туралы аңыз» (хореограф – Анвара Садықова), «Орфей мен Эвридика» (хореограф – Кристин Полин), «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» (хореограф – Георгий Ковтун) балеттеріндегі жетекші партиялар бар.

Сүндет Сұлтанов «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен марапатталып, 2021 жылы Тұңғыш Президент сыйлығының иегері атанды. Сонымен қатар, «Жыл әртісі» аталымы бойынша «Тикетон» сыйлығының жүлдесін алды.

«Жаңа Қазақстанның 100 жаңа есімі» энциклопедиясына енгенінің құрметіне оған тиісті медаль, мақтау қағазы мен куәлік табысталды.