23/09/2019

«Астана Балет» Театрының гастролі британдық баспасөздің көзімен

Қыркүйек айында «Астана Балет» Театрының Ұлыбританияға алғашқы гастрольдік сапары өтті. Театр ұжымы Корольдік «Ковент Гарден» театрының Линбури Холл сахнасында қатарынан үш күн өнер көрсетті. Британ көрерменіне төрт балеттен тұратын концерттік бағдарлама даярланған: Рикардо Амарантенің «Love Fear Loss» пен «A Fuego Lento» балеті, «Ұлы Дала мұрасы» ұлттық дивертисменті мен театрдың бас балетмейстері Мукарам Авахридің «Саломея» спектаклі.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         
Қазақ балет өнері тұманды альбион елінің тұрғындарына қаншалықты әсер еткенін біздің дайджесттен біле аласыз. 

THE TIMES: «АСТАНА БАЛЕТ» ШОЛУ. БИШІЛЕРДІҢ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫ МЕН ҚОЙҒАН МАҚСАТЫНА ТАЛПЫНУЫ ЖЕҢІСТІҢ КЕПІЛІНЕ АЙНАЛДЫ

«Ұлы Дала мұрасы» бағдарламасы ұлттық бояуы қанық ұзын-сонар дивертисменттен тұрды. Мұнда дәстүрлі бас киім киген маңғаз, байсалды қыздардың шеруі өтіп, үнді биі мен жапондық кабуки театрының иірімдерін тануға болушы еді. Әнел Балтенованың «Қуанамын» атты биі шын мәнінде лағылдай жарқырап көрінді».

Reviewer: Debra Craine

ҚАНДЫКӨЗ ҚАСКӨЙЛІК: ЛОНДОНДАҒЫ АСТАНА БАЛЕТ ДЕБЮТІНІҢ КӨШБАСШЫСЫНА АЙНАЛҒАН САЛОМЕЯ

«Бағдарламаның айтулы туындысы, сөз жоқ, Мукарам Авахридің «Саломеясы». Оскар Уайльд пьесасының желісімен қойылған спектакль кез-келген халықаралық сахнаның көркіне айналары даусыз. Қарапайым әрі терең декорациялар көз тартады. Ұзын үстөл ретінде қойылған декорация, бір кезде Саломея Иоанн Шоқындырушының басын домалатқан қабырғаға айналады. Ирод (Қазбек Ахмедияров) оның үстімен басып, бір кезде, өзінің нәпсіқұмар зайыбы (Риза Қанатқызы) мен қызына орын беріп, рәсімдік би орындаған малайларын соның басында отырып, басқарады. Сахнадағы әрекет түріктің ғаламат композиторы Фпзыл Сайдың музыкасымен көмкерілген. Шығыз әуезіне елітіп, ақырғы сахнаға дейін деміңді ішіңе тартып отырасың. Ай тұтыла бастап, оқиға да аяғына жетеді. Соңғы сахнада жарға айналған үстөл үстімен аяңдап келе жатқан кейіпкерлер ажал құшады. Мұндай драмадан соң, осы интервал тыныс алу үшін өте қажет еді».

«A Fuego Lento» бір актілі балеті Астор Пьяццолло, Лало Шифрин, Карлос Гардель мен Нью-Йоркте тұратын жапондық композитор Саго Косугидің музыкасына қойылған. Әртістер Рикардо Амарантенің хореографиясын қуана орындады. Әйелдердің арасынан Шомаева көзге түсті: оның биге деген көзқарасы ерекше екені көрініп тұрды, оттай жанған көздері, сонымен қатар, орындаушылық техникасы таң қалдырады. Алайда, ер адамдар тартымдырақ болды. Әсіресе, Сүндет Сұлтанов пен Байқадам Түнғатаровтың мачо-дуэті. Кеш соңында, Айнұр Әбілғазина мен Дэвид Джонатанның биі көрермен залын толқытып, әртістер тиісті қошеметіне бөленді».

Reviewer: David Mead

АСТАНА БАЛЕТ ҰСЫНАДЫ. КОРОЛЬДІК ОПЕРА ТЕАТРЫ, ЛОНДОН

«Астана Балет» ерекшелігінің бірі, әрі бірегейі – баяндауының қарапайымдылығы, олардың үлкен драманы жасауында операға жақындық бардай. Мукарам Авахридің 35 минуттық «Саломея» спектаклі ер мен әйелдің қарабайыр жыныстық текетіресі ретінде ойластырылған. Қазбек Ахмедияровтың Ироды – мистикалық сиқыршы, өйткені, спектакль соның құрметіне малайлардың би билеуімен басталады. Авахри орыс және шығыс еуропалық биге сүйеніп, қатал ер кейіпкерлерін жасайды. Ақыры Саломея осы ерлер әлемін күйретеді».

Reviewer: Maryam Philpott

 

 

АСТАНА БАЛЕТ, КОРОЛЬДІК ОПЕРЫ ТЕАТРЫ.

«Үзілістен кейін, дәстүрлі қазақ халық биіне құрылған «Ұлы Дала мұрасы» көрсетілді. Мұнда көркем музыка, ғаламат костюмдер мен хореографиясымен ерекшеленетін алты миниатюра көрсетілді. Бұл қойылымда классикалық балет элементтері Қазақстан дәстүрімен үйлесім тапқан. Ұлы дала әйлдеріне арналған «Әсем Қоңыр» қойылымы ерекше. Ғажайып қызыл түсті әрі алтын түстес ұлттық киімдер киген бишілер көз тартарлық. «Kuanamyn / Joy» - нәзік Әнел Балтенованың орындауындағы шат-шадыман көңіл күй. Ол сахнада әуелеп, әр қимылы грацияға толы болды. Соңында көрсетілген «Uly Dala / Motherland» ер және әйел бишілер қатысқан орасан шайқасқа ұқсады».

«Толған айдың астында жетекші солист Айжан Мұқатова бірінші күні Саломеяның рөлін сомдады. Ол көрермен көңілін баурап әкетті. Фазыл Сай музыкасының сүйемелдеуінде оның қимылдары қажыған қайратты суреттеп, ақырғы азап пен бейнетті аңғартқандай. Иоанн Шоқындырушы – Фархат Бөриевті айнала билеген шақта нағыз зиянкеске айналды. Мұқатованың тал шыбықтай иілген дене-бітімі таңдай қақтырады. Кей сәт, ол сүйектен емес, резенкеден жаралған ба, деп қаласың».

Reviewer: Aliya Al-Hassan

 

«Қазбек Ахмедияровтың қолы ебедейсіз Ироды сарайын кезіп келеді. Тап бір Юрий Григоровичтің Қаһарлы Иваны секілді дерсің. Үлкен тік бұрышты үстөл секілді декорация, қабырғаға, оның кейін, бишілер сап түзеп, ажал құшу үшін секіріп түсетін жарға айналады. Жетекші солист Риза Қанатқызы әдемі әрі тәкәппар Иродиаданың бейнесін сомдады. Ал, Фархат Бөриев орындаған Иоана Шоқындырушыға ғашық болмау мүмкін емес тәрізді. Саломея - Айжан Мұқатова оның тәніне неліктен құштар екенін түсінуге болады. Ал, басы аяғының астында жомалап жатуы тиіс, деп шешті ол».

Reviewer: Vera Liber

 

 

«Төрт туындыдан тұратын бағдарлама заманауи балет пен халық биі, оқшау және ортақ дүниелерге дейін ұштасқан. Рикардо Амарантенің «A Fuego Lento» (2016) туындысы, 2019 жылы лондондық көрерменді үйреншікті кеңістікке түсірді: жалаң қабырға, көрермен көзінің деңгейінде, еденде жанған алау, қара және сұр түсті қонымды көйлек киген бишілер. Танго ырғағын негізге алып, Уильям Форсайт пен Алексей Ратманскийдің иірімдерін қолданып, Р. Амаранте бишілерге өз техникасын әрі төзімділігін паш етуге мүмкіндік береді. Әрине, ешкімнің бұған шүбә келтірмейтіні аян. Ақырғы сахнадан соң, көрермен қошеметіне бөленіп, авторлар баяу ғана қол алысып барып, кеш соңына жетті. Гастролдік сапар да аяқталды».

Reviewer: John O’Dwyer

 

«SALOMÉ, осы кештің ең тартымды дүниесіне айналғандай. Саломеяның Иоанн Шоқындырушыға деген жауапсыз сезімі жайлы әпсананы баяндауға Театрдың барлық әртістері қатысты. Оның ұзақтығы 35-ақ минут болғанымен, өз басым, оның ұзақтау нұсқасын тамашалаудан қашпас едім. Бұл әйгілі әпсанада талай дүниенің ұшы көрінеді. «Астана Балет» Театрының осы туындыны қойғаны – мәдени ізденістерін ғана көрсетіп қоймады, әртістерінің де тәжірибесі мен сан-қырлы техникасын паш етті. Бұл заманауи қойылым балет дәстүрінен тамыр тартады».

«ҰЛЫ ДАЛА МҰРАСЫ өзіме ерекше әсер етті; ғаламат музыканың әуезіне елітіп, театр ұжымының халық дәстүріне қаншалықты құрметпен қарайтынын тануға болады. «Астана Балет», шын мәнінде, тамырын тереңнен тартқан, қазіргі Қазақстанның заманауи балет компаниясы».

Reviewer: Shanine Salmon

 

«Рикардо Амаранте кіріспе бөлімінде бишілердің басым тұстарын паш етті, солардың ішінде, «Ғашықтар» (Hymne a l'amoure) дуэтіндегі Дилара Шомаева Дэвид Джонатанды ерекше атар едім».

«Осы кеште екі дуэт көз тартып тұрды: Айнұр Әбілғазина (Fear дуэтінде де ерекше көрінді) мен Дэвид Джонатан (Қазақстандағы австралиялық биші); және Сүндет Сұлтанов пен Байқадам Түнғатаровтың дуэті».

Reviewer: Graham Watts,