«Gala Symphony» концертіне Поль Дюка, Камиль Сен-Санс, Морис Равель, сондай-ақ, Әділ Бестібаев пен Евгений Брусиловскийдің шығармалары енген. Концерт барысында Камиль Сен-Санстың «Ажал биі» және Поль Дюканың «Сиқыршының шәкірті» (симфониялық поэма), сонымен бірге, Морис Равельдің «Болеро» туындысы орындалады. Концерттің шымылдығы қазақстандық музыка мәдениетінің жауһары саналатын, отандық музыка классикасының туындыларымен ашылады: Евгений Брусиловскийдің «Дудар-ай», Тілес Қажығалиевтің «Қыз қуу» және Әділ Бестібаевтың «Азия дауысы». Қазақтың бай музыкалық мәдениетінің тамыры терең, сондықтан бай әрі алуан түрлі. ХХ ғасыр оны жаңа формалар және жанрлармен байытты. Екі жарқын және көрнекті музыкалық шығарма тыңдарман қауымның сүйікті туындысы.
Концертте данышпандар шығарған туындылар орындалады. Бұл музыка өз дәуірінен асып түсті. Жаныңыздың нәзік пернелерін қозғайтындықтан болар, ол уақытқа бағынбайды. Француз және қазақ музыка мәдениетінің рухани мұрасын бойына сіңірген туындылар асқақ әрі әсем. Әр түрлі халықтардың мәдени дәстүрі мен әдет-ғұрпын бейнелейтін музыка, сонымен бірге, адамзаттың әмбебап, адам баласына ортақ, түсінікті тілі секілді. «Астана Балет» театры симфониялық оркестрінің концерті тыңдарман қауымға шабыт сыйлап, ұмытылмас күйге бөлейді.
«Астана Балет» театры симфониялық оркестрінің концерті 8-9 қарашада Түркістан музыкалық-драма театрының сахнасында өтеді.