Республика күніне орай «Астана Балет» Театрының бірқатар қызметкері мемлекеттік және ведомстволық марапаттарға ие болды.
Мәдениет пен өнер саласындағы еңбегі үшін жоғары марапат – мемлекеттік наградалар бас балетмейстер Мукарам Абубахриеваға (Авахри) («Құрмет» орені), жетекші солисттер Айнұр Әбілғазина («Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы) және Фархад Буриевке («Парасат» ордені), балет труппасының әкімгері Қайрат Кеңесбаевқа («Ерен еңбегі үшін» медалі) табысталды.
Марапат иелерінің әрқайсысы мәдениет саласына, хореография өнеріне талай жыл бар күш-жігерін, бойындағы дарынын сарп етіп келеді. Мемлекет тарапынан марапатталу кәсіби біліктілікті, ұйымдастырушылық талантты, табысқа деген ұмтылысты, көпжылдық еңбек пен жауапкершілікті, өнерге деген адалдықты мойындаудың белгісі. Өзінің ерекше дарыны мен жігері, сүйікті Театрына адал қызметінің арқасында мемлекеттік және ведомстволық марапат алғандар зор құрметке лайық, әріптестері арасында да беделге ие. Асыл және әсем балет өнеріне қызмет ету үлгісі «Астана Балет» театрының ұжымын кәсіби міндеттерді шешуге, алға қойылған мақсаттарға жетуге шабыттандырады.