Жусан

Бір актілі балет

Музыка – Қуат Шілдебаев, Сергей Рахманинов, Арво Пярт пен Карл Дженкинс
Либретто – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Қайырбеков
Хореограф – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Мукарам Авахри
Сценография мен костюмдер – Ольга Шаишмелашвили
Бейнебезендіру – Вадим Дуленко
Жарық суретшісі – Денис Солнцев

Ұлы далада жусан жайқалып.
Кермек дәмі хош иістей аңқыған.
Тірілткендей, өткен күндер елесін
Балалық шақ, бозбала кез, бал дәурен.
Жусан сыры, бәлкім, осында –
Сырт көзге қарабайыр көрінер,
Көзге түсер-түспес, алайда…
Мейлі аттың тұяғы, не уақыт ізі оны бүгіп, сындырса да,
Өлтіре алмас, ешқалай…

Спектакль дала халқының аңыздары мен мифтеріне құралып, би тілімен оның аллегориялық бейнесі жасалады. Өзіндік хореографияның еуропалық, орыс және ұлттық музыканың шыңына баланған үлгілерімен үйлесім табуы спектакльге ерекше бір өң беріп, сиқырға бөлейді. Жарық әсерлері мен бейнеинсталляциялар көрерменді аңыз бен әпсаналарға толы Сарыарқаның байтақ даласына саяхатқа жетектегендей болады.

Премьера 2014 жылғы 10-желтоқсан, «Астана Балет» театры, Нұр – Сұлтан
Балет ұзақтығы 43 минут