Жизель

2 актілі балет

Музыка - Адольф Адан
Хореография - Рикардо Амаранте
Сценография и костюмы - Рене Салазар
Хореографтың ассистентi - Қазбек Ахмедияров

Спектакльде байырғы ғажайып сюжеттің жаңа қыры ашылады. Романтизм шыңы саналатын осы спектакль-аңыздың тек биік рухы мен поэтикалық өрнегі ғана өзгеріссіз қалды.

Генрих Гейне жазып алған көне аңызға сай, сүйіктілері көзіне шөп салған, тұрмысқа шықпаған қыздар виллистарға айналады екен. Түнде, көрінен көтерілген виллистар қыршыннан қиылған өмірлері үшін кек алады. Алдына кездескен ер адамды биге шақырып, ажал құштырады.

Шаруа қызы Жизель де солардың біріне айналды. Оның жарық әрі әсем әлемі шайқалғанда, қыз бала қорлыққа шыдамай, сүйіктісі граф Альберт теріс айналғанын біліп, құсадан көз жұмды. Қателігін түсінген Альберт оның бейітіне келіп тұрады. Жизельдің моласында виллистардан ажал құшатыны анық. Алайда, Жизельдің махаббаты мен кешірімінің арқасында граф аман қалады. Альберт тірі қалғанымен, баянсыз махаббаты жайлы ой жүрегіне мәңгі сызат түсіреді.

Премьера 2018 ж. 24 - маусым, «Астана Балет» театры, Нұр – Сұлтан

Балет ұзақтығы 2 сағат 10 минут