Желтораңғы туралы аңыз

Бір актілі балет


Музыка – Қуат Шілдебаев
Либретто – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Қайырбеков
Қоюшы-хореограф – Анвара Садықова
Қоюшы-хореографтың ассистенті – Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі Майра
Қадырова
Суретші-сценограф – Жандос Омаров
Костюм суретшісі - Наталья Протасова
Жарық суретшісі – Евгений Тихонини
Алексей Марков
Бейнеграфика – Данияр Ыбыраев
Нұрлан Әбішев

Тораңғы ағашын қазақтар Желтораңғы атап кеткен. Ел басына күн туған шақтағы халықтың қайсар, өжет мінезінің символына айналған осы көне ағаш жайлы аңыз-әпсаналар өте көп. Театр сахнасында адам баласы мен табиғат арасындағы тай-таласты суреттейтін туынды көрініс тапқан. Тораңғы құм шөлейтке төтеп беріп, тамыры қатайып, жайқалып өсті. Бірақ, көлденең көк аттылар келіп, ағашты отамақшы болғанда ержүрек Бозбала оны қорғап қалды. Ағашты арашалап қалғанымен, жан тапсырды. Тораңғы жас баланы
жоқтап, зар иледі. Жолаушылар Тораңғының азалы үнінен қаймығатын. Уақыт өте, уайымы ұмытыла бастағандай, қайғысы басылғандай еді. Намысқой әрі мықты болғандықтан, Тораңғы да жалғыздығына мойынсұнды.
Әлі күнге дейін құм көшкініне төтеп беріп, жолаушыларға сая болып, құстардың әніне риза болып келеді. Тек дала желіне ғана мұңлы әнін айтып, ол болса, екпінін басып, иілгіш бұтақтарының арасында баяу ғана тербеледі...

Премьера – 2020 жылғы 6-7 қараша, «Астана Балет» Театры, Нұр-Сұлтан
қаласы

Балет ұзақтығы 34 минут