«Vivaldi +» - бұл әр дәуірдің үнін тоғыстырған музыкалық сұхбат. Барокко дәуірінің жарқын өкілі Антонио Вивальдидің шығармалары XX XXI ғасыр композиторларының заманауи әуендерімен астасып, тыңдарманды тұтас әрі әсерлі музыкалық әлемге жетелейді.
Концерттің алғашқы бөлімінде Антонио Вивальдидің таңдаулы туындылары орындалады:
скрипкаға арналған e minor «Il Favorito» концерті RV 277,
скрипка мен виолончельге арналған B major концерті RV 547,
екі скрипка мен виолончельге арналған d minor концерті RV 565,
сондай-ақ композитордың ең танымал әрі драмалық шығармаларының бірі - D minor «La Folia» трио-сонатасы RV 63.
Бұл туындылар барокко музыкасына тән терең эмоцияны, орындаушылардың шеберлігін және камералық ансамбльге тән нәзік үндестікті айқын көрсетеді.
Бағдарламаның жалғасы қазіргі заман музыкасына арналады. Стив Райхтың екі скрипка мен ішекті оркестрге арналған дуэтінде ырғақ пен қайталым қозғалыс пен уақыттың үздіксіз ағымын сезіндіреді. Арво Пярттың Summa шығармасы тыңдарманды ішкі тыныштық пен рухани ой кеңістігіне жетелесе, Қуат Шілдебаевтың ішекті оркестрге арналған Horal туындысы концертке философиялық тереңдік пен ұлттық әуездің айрықша реңін қосады.
Кештің шарықтау шегі ретінде Филип Гласстың Echorus for Two Violins and Strings атты бисі орындалады. Жаңғырыққа құрылған бұл әуен бүкіл музыкалық сапардың түйініндей әсер қалдырып, тыңдарманды ойға жетелейді.
Бағдарламаның ұзақтығы: 62 минут