Бір актілі балет
Музыка - Иоганн Себастьян Бах (Оркестр мен екі скрипкаға арналған концерт d-moll,
BWV1043)
Хореография, костюмдер - Джордж Баланчин
Қоюшы - Нанетт Глушак
Иоганн Себастьян Бах музыкасына америкалық хореограф Джордж Баланчин
шедеврі - би ғаламаты саналады. Мұнда нақты сюжет жоқ. Оның басты ерекшелігі –
музыка мен бидің үндестігі. Ол сюжетсіз неоклассикалық балет эталоны саналып,
Баланчиннің "музыканы көріп, биді есту" мағынасына саятын шығармашылық ұстанымын
айшықтап тұр.
Бұл балетте Баланчин стиліне тән дүниелер самсап тұр: сюжетсіздік, бидің бірегей
геометриялық өрнегі, бір не бірнеше балеринаның жетекші рөлі, қосымша ер партиясы,
әйелдер кордебалетіне сүйену. Концерттің екі скрипкасы мен ішекті аспаптар оркестріне
сахнада екі балеринаның партиясы мен сегіз бишіден тұратын әйел кодебалеті сәйкес
келіп тұр.
"Concerto Barocco" қойылымында Баланчин алғаш рет бишілерді жеңіл, репетиция
формасына ұқсас көйлек кигізіп, сахнаға шығарды. Балериналардың мұндай костюмдері
оның алдағы қойылымдарының бәрін әйгілеп тұрды.
"Concerto Barocco" балеті Джордж Баланчин қорымен ынтымақтастықта қойылып, стиль
мен техника стандарттары толық сақталған.
Премьера – 2019 жылғы 4-5 қазан, "Астана Балет" Театры, Нұр-Сұлтан
Балет ұзақтығы - 20 минут