Вальпургиев түні

Бір актілі балет

Музыка – Шарль Гуно
Хореография мен жарықпен безендіру – Ресей Еңбек сіңірген қайраткері Георгий Ковтун
Сценография – Ирина Долгова
Костюмдер – Ирина Сафронова
Бейнеинсталляция – Дмитрий Шамов
Ұстаз-репетитор – Евгения Костылева

Бастапқыда "Вальпургий түні" Шарль Гуноның Иоганн Вольфганг Гётенің Фауст атты трагедиясы бойынша қойылған операның екінші редакциясындағы балет сахнасы болатын. Бұл үзінді Париж операсының сахнасында алғаш рет 1869 жылы көрсетіліп, сол кезден бері бір актілі балет ретінде қойылып келеді.

«Астана Балет» театрының сахнасындағы "Вальпургий түні" – әйгілі балеттің Георгий Ковтун қойған жаңа нұсқасы деуге болады. Ол классикалық орыс балетінің дәстүріне сүйенген. Мұнда Ежелгі Грекияның мифтері мен аңыздары қайта жаңғырған тәрізді. Табиғат жанданған сәтте жер бусанады. Егіншілік тәңіриясы Деметра шарап жасаушылар құдайы Дионистің құрметіне той өткізеді. Бұл біресе құштарлық сезіміне бөлеп, біресе ұяң қалыпқа түсіретін махаббатты жырлайтын би кеші.

Премьера 2017 жылғы 20-наурыз, «Астана Балет» театры, Нұр – Сұлтан
Балет ұзақтығы 38 минут