Бір актілі балет
Музыка – Макс Рихтер, Доувей мен Кашива Дайсуке
Идея мен хореография – Исян Чжан
Сценография мен костюмдер – Исян Чжан, Кай Эрик Эрдвиг
Хореографтың ассистенті – Кай Эрик Эрдвиг
Балетмейстер әйелдерге деген құрметін, ежелгі қытай фәлсафасына сүйеніп суреттеген. Ол бойынша, әйелдің табиғаты «инь» күшіне ие және жылдың екі маусымы – күз және қыспен үйлесім тапқан.
Болмыс-біті сан түрлі, ішкі қуатын болжап болмас әйелдер. Бет-жүздерің де сан-алуан. Өмір сіздерді талай сынап, мұңға батырып жатса да, өмірге деген құштарлықтан айырылмай, алға қарай қадам басасыз.
Әрқайсыңыз өмір жолында талай қасіретті бастан өткеріп, өткінші бақытты сәттеріңді ұзартуға тырысасыз. Сіздердің көңіл-күйіңіз бен һал-аһуалыңыз құбылып тұрады. Кейде бұл жылу мен салқынның тоғысуынан пайда болатын тұманды еске салады. Жаздың күзге, қыстың көктемге ұласқаны іспетті.
Премьера 2016 жылғы 2-шілде, «Астана Балет» театры, Нұр – Сұлтан
Балет ұзақтығы 35 минут