Бұл концерт – таныс әуендер жаңа иімірдермен әуелейтін, джаз бен симфония әуенінің түйісуі іспетті. Сахнада үрмелі аспаптар ансамблі өнер көрсетеді: труба мен тромбон, валторна, туба, флейта, гобой, кларнет және фагот. Олардың әуезі сан түрлі ырғақ, свинг пен лириканың жарқын палитрасына айналады.
Бағдарламада дәуір мен стильдің символына айналған музыка орындалады: Леонард Бернштейннің жігерлі West Side Story Suite, Клод Боллингтің талғампаз сюиталары, Нина Симонның жан тебірентер шығармалары мен Фрэнк Синатраның репертуарындағы аңызға айналған әндер. Бұл батыл әрі нәзік, биге баулып, шер тарқататын джаз.
Бұл – импровизацияны, үрмелі аспаптардың қоңырсалқын үні мен жүректі баурап әкетер музыканы ұнататындарға арналған кеш.