«Symphony Time» музыкалық фестивалі аясында «Астана Балет» театры пианист Әлім Бейсембаев қатысатын симфониялық концерт ұсынады.
Бағдарламада:
- П. И. Чайковский — Фортепиано мен оркестрге арналған № 1 концерт
- Д. Д. Шостакович — № 5 симфония
«Астана Балет» театры оркестрі мен пианист Әлім Бейсембаевтың орындауындағы Чайковский мен Шостакович музыкасы тыңдарманға жарқын әсер сыйлайды. Осы кешті симфониялық музыка ортасында өткізуге шақырамыз.