«Soli Deo Gloria»
хореографиялық миниатюра
Музыка – Густав Малер
Қоюшы-балетмейстер – Айнұр Әбілғазина
Қойылымның музыкалық жетекшісі, дирижер – Элмар Бурибаев
Суретші-сценограф – Жандос Омаров
Костюм суретшісі – Дариға Тайшықова
Жарық суретшісі – Роберт Даутов
Бейнесуретші – Марат Сағадинов
Балет туралы
«Soli Deo Gloria» неоклассикалық балеті – басты кейіпкердің көңіл-күйі мен сезімін суреттейді.
Жұмыр жердегі бейнесімен қош айтысқан соң, адам жаны бір кездері қол үзіп қалған сүйіктілерімен, жақындарымен қайта қауышатын Кеңістікке қадам басады. Өткен шақ пен қазіргі шақ тұтасып кеткен Кеңістікте біз санамызға ерекше әсер еткен оқиғаларды көре аламыз. Бас кейіпкер өз өмірінің сан сатысындағы үзік сырларына үңіліп, махаббат сынды сан қырлы сезім сыйлайтын түрлі көңіл-күй өрнектерімен өрілген, сол бір шақтағы тылсым күйін қайта кешеді.