Бас дирижер Арман Оразғалиевтің жетекшілігімен «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрі романтикалық музыканың жарқын жауһарларының бірі – Макс Брухтың №1 соль минор, 26 оп. скрипка концертін орындайды.
Концерттің солисті – музыкалық талғамымен, өзіндік орындау мәнерімен және әсерлі техникасымен танымал скрипкашы Лим Джиён. Ол небәрі 20 жасында Королева Елизавета халықаралық байқауының скрипка санатында жеңіске жеткен алғашқы корей өкілі болды. Жарқын жеке орындаушы ретінде ол Франкфурт радиосының симфониялық оркестрі, Брюссель филармониясының оркестрі, корольдік филармония оркестрі, Мариин оркестрі және т.б. сияқты танымал оркестрлермен шығармашылық ынтымақтастық орнатты.
Оның орындауында Брухтың әйгілі концерті өзінің эмоционалды тереңдігінде – шын жүректен шыққан лирикадан бастап, жылдам ырғақтағы үзінділерге дейін – бастан-аяқ орындалады.
Бағдарламада:
М. Брух
№1 скрипка соль минор, 26 оп.
Орындаушылар:
«Астана Балет» театрының симфониялық оркестрі
Бас дирижер – Арман Оразғалиев
Солист-Лим Джиён