Серенада, Ғашықтың тілі - тілсіз тіл...

«Astana Ballet» театрындағы бір актілі балеттер кеші

Серенада

Музыка – Петр Ильич Чайковский
Хореограф – Джордж Баланчин
Қойған – Виктория Саймон
Костюмдер – Барбара Каринска

Баланчиннің Америкада қойған алғашқы балеті неоклассикалық хореографияның шедеврі ретінде мойындалған. Сырт көзге қарапайым көрінетін "Серенада" техникалық, музыкалық және стилистикалық тұрғыдан өте күрделі әрі ғажайып және мәңгі өнер туындысын тамашалаған көрерменнің жүрегін ерекше эстетикалық күйге бөлейді. «Бұл балетте бишілер тек әсем музыканың ырғағында қозғалады. Балеттің жалғыз-ақ сюжеті — Серенада музыкасы, қаласаңыз, бұл — айлы түндегі би».

Джордж Баланчиннің П.Чайковскийдің Ішекті аспаптар оркестріне арналған Серенада атты музыкасына шығарылған балеті Джордж Баланчин қорымен ынтымақтаса отырып қойылып, хореографтың мәнері мен техникасының стандарттарына сай жасалды.

Абай әндеріне хореографиялық вариациялар

Музыка – Р. Салаватов, К. Дженкинс, Х. Шаңғалиев
Либретто – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Қайырбеков
Хореография – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Мукарам Авахри
Сценография мен костюмдер – Ғафура Қайырбекова
Бейне безендіру – Наталья Рыблова

Бұл шығарма терең фәлсәфалық толғаулар мен ой толғаныстарына, нәзіктік пен мұңға толы Абай поэзиясына деген махаббаты жеткізеді. "Ғашықтың тілі тілсіз тіл" – жарқын әрі мазмұны жағынан фәлсәфалық спектакль. Мұнда көптеген техникалық тәсілдер, балетмейстерлік табыстар арқылы балетмейстер қазақ әдебиетінің классикагінің поэзиясына деген құрметін білдіреді. Балет сегіз вариациядан тұрады: Нұрға бөлену, Жыл мезгілдері, Көзімнің қарасы, Той бастар, Татьянаның хаты, Ақын мұңы, Желсіз түнде.