Оскар Уайльдтің «Саломея» пьесасы бойынша қойылған бір актілі балет
Музыка – Фазил Сай
Көркемдік тұжырымдамасы мен хореография – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Мукарам Авахри
Сценография және костюмдер - Ольга Шаишмелашвили
Либретто – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Мукарам Авахри, Дилара Шомаева
Жарықпен безендіру – Денис Солнцев
Балетмейстер ассистенті – Айжан Жүнісова
«Өмірде тек екі нағыз қасірет болады: бірі – қалағаныңа қол жеткізе алмаған, ал, екіншісі – қол жеткізген шағың». Адам баласының пендәуи болмысы жайлы Оскар Уайльд осындай қорытынды шығарады. Көне библиялық сюжетті автордың мүлдем басқа қырынан, өзінше тәпсірлеуі балетмейстерді спектакль шығаруға шабыттандырды. Хореографиясы жағынан, балет ориентализм элементтері бар графикалық пластика мәнерінде қойылған. Мұнда биді орындаудың түрлі техникалары қолданылды: пуантамен және жалаң аяқ билеу.
Премьера 2018 ж., 16 - ақпан, «Астана Балет» театры, Нұр - Сұлтан
Балет ұзақтығы 33 минут