1904 жылы әйгілі Мариус Петипа ойлап тапқан балет көптеген жылдар ұмыт қалған жайы бар. Бір ғасырдан кейін осы классикалық мұраны белгілі балетмейстер Василий Медведев Қазақ ұлттық хореография академиясының тәрбиеленушілері үшін арнайы қайта сахналады. Бұл махаббат, қатал сынақ, адалдық, тектілік және жақсылықтың бар нышаны туралы баяндайтын балет.
Жандос Омаровтың декорациялары мен Наталья Протасованың талғампаз костюмдері спектакльді ерекше ертегі атмосферасына бөлеп тұр. Олар Санкт-Петербор мемлекеттік театр және музыка өнері мұражайының Академияға тарту еткен Иван Всеволожскийдің түпнұсқа эскиздерінен шабыт алды.
Классикалық мектептің кемелділігімен үйлескен орындаушылардың жастық энергиясы көрерменге қазақстандық сахнада жаңа өмірге ие болған әлемдік балеттің сирек кездесетін інжу-маржанымен табыстырмақшы.