Бас продюсер – Валерий Копейкин
Бас директор – Жанна Егорова
Продюсер – Михаил Черных
Композитор – Арсений Смирнов
Қоюшы-балетмейстер – Кирилл Радев
Көркемдік жетекші – Александр Могилев
Костюм суретшісі – Игорь Чапурин
Суретші-сценограф – Анастасия Капустина
Бас дирижер – Арман Оразғалиев
Кіріспе сөз – Нұрлан Абдуллин
Спектакль «Астана Балет» Театры симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді.
«Blind Forgiveness» рок-балеті – неоклассикалық би кескіні модерн мәнеріндегі балет өрнегімен өріліп, сюжеті монолог күйінше баяндалатын балет. Яғни, балет өнеріндегі жаңа белес деуге тұрарлық. «Blind Forgiveness» - классикалық өнер элементтері мен заманауи музыка бағыттарын біріктіретін инновациялық рок-балет. Ол симфониялық оркестрге арналған толыққанды рок-балет форматында жасалғанымен де ерекшеленеді.
12 суреттен тұратын либреттода қазіргі қоғамда орын алып жатқан, өкінішке қарай, теріс пиғыл басым түсіп отыратын оқиғалар сипатталған. Кирилл Радев өзіне тән белгілері бар пластикалық бейнелерді шебер жеткізіп, адам баласының сан-алуан сезім, көңіл-күй және қарым-қатынас иірімдерін хореография тілімен жеткізе білді. Композитор Арсений Смирнов дайындаған музыкалық партитура спектакльдің тереңдігін көрсетіп, «жанына» үңілгендей.