Бір актілі балет
Музыка – Сергей Рахманинов
Либретто мен хореография – Рикардо Амаранте
Сценография мен костюмдер – Рене Салазар
Жарықпен безендіру – Джордан Туинман
Қиялға бойлау – адам баласының бойындағы үрей мен өзіне деген сенімсіздік мақсатына жетуіне тосқалуын болатыны жайлы балет. Ішкі қарсылықты жеңіп, ішкі қуатымыз бен дарынымызды ояту үшін тағдыр бізді түрлі адамдармен және түрлі оқиғалармен бетпе-бет келтіреді.
Сергей Рахманиновтың Фортепиано мен оркестрге арналған №2 концерт атты ұлы музыкалық шығармасы балетмейстердің балет шығаруына түрткі болды. Осы мәңгі өлмес туынды – бойымыздағы кереғарлықты жеңген күнде ғана спалы, мінсіз өнер туындысын шығара алатынымызды айғақтап тұрғандай. Ұлы композитордың басынан өткен жәйт осыған дәлел.
Премьера 2017 ж., 2-қыркүйек, «Астана Балет» театры, Нұр – Сұлтан
Балет ұзақтығы 36 минут