«Touch the Light»
Қоюшы-хореограф: Илья Живой
Музыка: Филип Гласс
Бейнебезендіру бойынша суретші: Покрас Лампас
Костюм суретшісі: Соня Вартанян
Жарық суретшісі: Константин Бинкин
Қоюшы-суретшінің көмекшісі: Алексей Танцырев
«Touch The Light» заманауи балет өнерінде тосын пластикалық шешімдерімен танылған хореограф Илья Живойдың шығармашылық туындысы. Қойылымның басты ерекшелігі қазіргі заманғы каллиграфия өнерінің көрнекті өкілі Покрас Лампас жасаған бірегей көркемдік шешім. Суретші би қимылдарының пластикасын қолмен бейнелеп, оны экранға проекциялау арқылы хореография мен визуалды өнерді тоғыстырған. Каллиграфиялық бейнелер композитор Филипп Гластың музыкасымен және бишілердің қозғалысымен үйлесім тапқан.
Touch the Light – музыка, сән, стрит, арт, каллиграфия мен неоклассикалық би түйіскен тұсындағы перформанс. Алты биші адам бойындағы ішкі сәуле, оның жаны туралы және осы дүниеден өз орныңды табу жайлы әсерлі әңгімені сахналайды.
«Сәуле әрқайсымыздың бойымызда бар әрі бұл жалын ғаламның сыйы. Бұл қабілет жүректі тербеп, тағдырлы шешімдер қабылдап, сиқыр жасауға мүмкіндік береді. Бұл жай ғана ұшқын болсын, алаулаған жалын болсын мейлі, оған бір табан жақындағың келсе өзгенің еш мәнісі жоқ...».
«Touch The Light» балетінің «Астана Балет» театры сахнасындағы премьерасы 2024 жылғы 28 және 29 маусымда өтті.