Ромео мен Джульетта

Музыка-Сергей Прокофьев,
Либретто авторы, қоюшы-балетмейстер-Владимир Яковлев, Ресей мен Татарстанның еңбек сіңірген әртісі
Қоюшы-балетмейстердің ассистенті-Луиза Мұхаметгалеева, Татарстанның Халық әртісі 
Спектакльдің музыкалық жетекшісі, дирижер – Арман Оразғалиев, 
Суретші-сценограф-Андрей Кашинский,
Суретші-сценографтың көмекшісі-Жандос Омаров, 
Костюм бойынша суретші иканың көмекшісі - Наталья Протасова,  
Жарық суретшісі-Алексей Марков, 
Бейнесуретші-Марат Сағадинов, 
Музыкалық редактор-Наталья Яковлева.

«Астана Балет» театры қос ғашық Ромео мен Джульетта жайлы әйгілі шығарманың өзіндік нұсқасын ұсынады. «Ромео и Джульетта» — XVII ғасыр басында Уильям Шекспир жазған пьеса. Шығарма желісі Ромео Монтекки мен Джульетта Капулеттидің қарым-қатынасына құралған. Екеуі  Италияның Веронасындағы біріне-бірі қас екі отбасының өкілі.

Ромео мен Джульетта отбастарының қырғи-қабақ арпалысы қасіретке алып келеді.

Ромео мен Джульеттаның сезімі - жауласқан отбасы мүшелерінің жүрегін елжіретіп, өшпенділіктің түбінде орға жығатынына, сүйіспеншіліктің асыл табиғатына көпшіліктің көңілін тағы бір аударады. Спектакль поэтикалық бай тілімен ерекшеленіп, мәңгілік тақырып мен жастардың албырт сезімін суреттегені әмбеге аян. 

Прокофьевтің музыкасы адам жанының нәзік психологиялық иірімдерін, Шекспирдің ой-толғамы мен трагедияларының ішіндегі шоқтығы биік туындысындағы драма мен асыл сезімді дәл жеткізеді.