«Қос кілем» премьерасы

Либретто авторы, бас продюсер – Валерий Копейкин 
Қоюшы-балетмейстер, режиссер – Александр Могилев 
Композитор – Арсений Смирнов 
Қоюшы-суретші – Анастасия Капустина 
Костюм суретшісі – Игорь Чапурин  

.Жаңа маусымның алғашқы премьерасы «Қос кілем» балеті. Неоклассикалық стильде жасалған екі актілі балетте тарихи шындық пен көркем қиял тоғысқан. Бұл таңғажайып оқиға шындыққа татиды. Әртүрлі жіптерден тоқылған кілем секілді, адам баласының тағдырын, түрлі елдер мен талай заманды өзара байланыстыратын құдіреттің күшімен ол біздің өмірде орын алды не орын алуы ықтимал еді.
Махаббат, айырылу және қайта қонған бақ туралы «Ширван кілемі» туралы аңыз осы балетке негіз етіп алынған. Балет оқиғасы Баку, Санкт-Петербор және Венада XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында орын алған тарихи оқиғалардың аясында өтіп, көрермен қауымды қилы кезең атмосферасына жетелейді. «Қос кілем» балеті Бакулік Ләйлә мен Самирдің шынайы махаббатқа ұласқан достығы, екеуара қол үзу мен айырылу, алдап-арбау мен адалдық туралы баяндайды. Соғыстан кейін жадынан айырылған Самир тағдырың жазуымен Венадан бір-ақ шығады. Жанында өзін сүйетін әйелі Марго бар. Бірақ сәтті оқиға мен туған жерінде тоқылған кілем сеп болып, ол өзінің сүйіктісін еске түсіріп, оның жанына оралады.