Музыка: Арман Амар, Ренат Гайсин, Владимир Иванофф, Омар Фарук Текбилек
Либретто авторы: Бақыт Қайырбеков
Хореография: Мукарам Авахри
Хореографтың ассистенті: Айжан Жүнісова
Сценограф: Асқар Ысқақов
Костюм суретшілері: Әсел Шалабаева, Дина Буксикова
Жарық суретшісі: Роберт Даутов
Бейнесуретші: Нұрлан Керей
«Астана Балет» театрындағы «Жібек жолы» (Бейбітшілік биі) екі актілі балетінің премьерасы жібек өндірісінің пайда болуы мен оның Ұлы жолы жайлы баяндайды. Бұл - таңғажайып гипноз құдіретіне ие, медитация іспетті балет.
Жібек жолы - әу бастағы Даналығы қайта жаңғырған шабыт пен сұлулықтың символы. Адамзат баласы үшін тауар, өнертабыс, тың технологиялар мен идеяларды алмасу үшін бұдан асқан жол жоқ. Алайда, ол тек бейбіт кеңістікте ғана тамыр жая алады. Себебі, тек сонда ғана адам баласы өзінің асыл дүниесімен бөлісуге ынталы болмақ.
«Жібек жолы» - би мен музыка жолы, стиль мен мәдениеттердің алмасу мысалы. Жарқын, нақты, мән-мазмұны таныс мінсіз қимылдар адамзаттың қазіргі ой өрісі мен тың эстетикасына сәйкес, театр сахнасында паш етілмекші.
Тарихи тақырыпқа балет қою идеясы «Балет пен ұлттық биді дамыту және қолдау қоры» Жеке қорына тиесілі. Бас серіктес - «Самұрық-Қазына» АҚ мен Әлеуметтік серіктес.
2022 жылдың қорытындысы бойынша, "Жібек жолы" спекатклі "Жылдың үздік балеті" аталымы бойынша "Сыншылар жүлдесімен" марапатталды.
Премьера: 2022 жылғы 18-19 маусым