«От қыз» балетінің премьерасы

«Астана Балет» ХІ маусымының премьерасы!

Жаңа театр маусымы дәстүрлі түрде ғаламат көрініспен басталады. Көрермен қауымды ХІ маусымның алғашқы премьерасы – «От қыз» екі актілі балетін тамашалауға шақырамыз. Балеттің қоюшы-балетмейстері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мукарам Авахри, музыкасын жазған – композитор, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Карина Абдуллина.

«От қыз» екі актілі балеті мифологиялық сюжетке құрылған. Оқиға желісі бойынша Мерген есімді аңшы өзінің қайсарлығын таныту үшін Күнді атып түсіріп, салдарынан күллі әлемде қараңғы түнек орнап, қақаған аяз басады. Мергеннің алаңғасарлығынан Биік Шөп елі зардап шегіп, үлбіреген ханшайым От қыз жоғалып кетіп, қыс түседі.    

Ағат кеткенін түсінген Мерген қателігін түзетуге тырысады.

Ертегі жанрында жасалған екі актілі спектакльді декорациялары мен сахналық костюмдері әсем. Түркі мифологиясының кейіпкерлері суреттелген қойылым жасы кіші және ересек көрермендерді ерекше ертегі атмосферасына бөлейді.

 

Композитор – Карина Абдуллина;

Либретто авторы – Бақыт Қайырбеков;

Қоюшы-балетмейстер – Мукарам Авахри;

Суретші-сценограф, костюм суретшісіӘйгерім Алтыбасарова;

Суретші-сценографтың ассистенті – Асқар Ысқақов;

Костюм суретшісінің ассистенті – Наталья Протасова;

Жарық суретшісіДенис Солнцев;

Бейнесуретші – Нұрлан Әбішев;

Қойылымның музыкалық жетекшісі, дирижер – Арман Оразғалиев.