«Carmina Burana»

Композитор – Карл Орф

Қоюшы-балетмейстерлер – Мукарам Абубахриева (Авахри), Тимур Загидуллин

Костюм суретшісі – Варвара Плетнева

Жарық суретшісі – Денис Солнцев

Мистикалық, баурап алар кантатаны ХХ ғасырдың көрнекті неміс композиторларының бірі, экспрессионист-композитор Карл Орф жазған. «Carmina Burana» – ХХ ғасырдың ең жұмбақ әрі таң қалдырарлық қуаты бар туындылардың бірі. Кантатаның танымалдығы көңілге ерекше әсер етуімен түсіндіріледі, қазіргі мәдениетте ол классика мен танымал музыка арасында ерекше орын алады. Орф кантатаның мағынасын адам рухының жеңісі ретінде сипаттап, өз шығармасын оптимистік әрі қуанышқа толы деп санады. Бұл шығармада Фортуна құдайының тақырыбы астарлап жеткізіледі. Ол тағдыр дөңгелегін айналдырып, адам баласын бірде тұңғиыққа құлатып, бірде бақытқа кенелтеді.
«Carmina Burana» балеті – адам баласының болмысы, жан арпалысы мен азабы, адамның кұдірет күшімен үзілмес байланысы туралы ой-толғау. Балет сахнасында материалдық және рухани, жасампаз және қиратушы күш текетіресі көрсетіледі. Мұның бәрі – Фортуна дөңгелегінің үздіксіз қозғалысы, жалындаған өмір мен жанның реинкарнациясы жайлы баяндайды. Балет оқиғасы екі жанның (Бозбала мен Бойжеткен) айналасында өрбиді. Олар біріне-бірі ынтық. Екеуара пәк сезімдері махаббатқа ұласады. Бірақ, болмысыңды сақтап, махаббат сырын тану үшін өзгенің алдап-арбауынан, азғыруынан бойыңды аулақ ұстасаң ғана мүмкін екен.