«Солисттер шеруі»

«Астана Балет» театры симфониялық оркестрінің бірегей концерті 14-маусымда өтеді. Антонио Россини мен Морис Равель, Джованни Боттезини Франц пен Карл Допплер және дүниежүзілік музыка мәдениетіне сүбелі үлес қосқан басқа да шетелдік композиторлардың шығармаларын біріктірген бағдарлама көрермен назарына ұсынылады. Шығыс лебін тувалық Владимир Токтың «Ноктюрні», Кенжебек Күмісбековтің әуезді «Поэмасы», сондай-ақ Әділжан Толықбаевтың өңдеуіндегі қазақ әндерінің попурриінен сезіне аласыздар.

Солистер мен оркестрдің орындауындағы музыка түрлі дәуірлер мен буындарды біріктіріп, өткен мен бүгінді байланыстырып, тыңдаушыларды жарқын бейнелермен, таңғажайып ұлттық символдармен және әсерлі шынайылықпен таң қалдырады. Оркестр әртістерінің жоғары шығармашылық әлеуеті мен кәсіби шеберлік деңгейі отандық және шетелдік шығармалардың күрделі партитураларын орындауға мүмкіндік береді. Орындаушылар көрермендерді шығармалардың өзіндік интерпретациясымен, музыкалық материалды терең ұғынуымен таң қалдырады.