«Орфей мен Эвридика» бір актілі балеті
Қоюшы-балетмейстер: Кристина Полин, Германия
Сценография: Отто Бубеничек, Германия
Музыка: Сергей Прокофьев, Эдуард Уильям Элгар, Георг Фридрих Гендель, Дэвидсон Джаконелло
Костюм суретшісі: Деннис Пешке, Германия
Сценограф: Асқар Ысқақов
"Астана Балет" Театрының сахнасында Ежелгі Грекия мифінің интерпретациясы ұсынылады. Неоклассика мәнерінде қойылатын балеттің модерн белгілері де бар. Балет сюжеті сүйіктісі Эвридикадан көз жазып қалған Орфей жайлы оқиғаға сүйенген. Осы қасіретті махаббат жайлы оқиға ерте заманнан бері суреткерлердің ой-санасына қозғау салып келеді.
Қоюшы-хореограф ұсынған нұсқаның соңы қасіретті. Ол суреттеген Орфей – жазушы, ал, ғашығы Эвридика – шабыт сыйлар музасы. Бұл балетте хореограф өмірдің мәні жайлы фәлсәфалық сұрақтарға жауап іздеп, махаббат пен адам жанының мәңгілігі жайлы толғанып, махаббат пен өнердің асыл күшін әспеттейді. Қойылым ретроспективадан басталады: монастырьде отырған Орфей марқұм Эвридикамен қайта қауышуды армандайды. Жақыныңнан қол үзу, одан айырылып қалу мәселесі әр көрерменнің жүрегіне қозғау салары даусыз.
Сахна костюмдерінде осы мифтің символикасы көрініс тауып, сценографияда тауға ұқсайтын геометриялық бейнелер қолданылады. Сахнадағы көрініс көрерменнің көңілін баурап әкетіп, мың бұралған бишілер ешкімді бей-жай қалдырмасы анық.