Ұлы Дала мұрасы

«Сарыжайлау» балетінің премьерасы


Композитор - Тәттімбет Қазанғапұлы
Қоюшы-балетмейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Тәти
Костюм суретшісі – Қазақстанның еңбек сіңріген қайраткері Мүслім Жұмағалиев
Жарық суретшісі – Алексей Марков


«Сарыжайлау» - кең-байтақ қазақ даласының әсемдігін суреттейтін хореографиялық туынды. Шексіз даланың көздің жауын алар көркем келбеті сұлулыққа құмар жанның жүрегін тебірентпей қоймайды. Қойылымда өмір тынысы, бұл дүниенің мән-мазмұны мен үйлесімділігі көрініс табады. Пластика тілінің күшімен қоюшы-балетмейстер Айгүл Тәти байтақ даламыздың әсемдігін, осы микрокосмостың тұтастығы мен табиғатпен үндес тыныс-тіршілігін туындысына арқау еткен. Хореографиялық туынды Тәттімбеттің «Сарыжайлау» күйіне қойылды.


Сонымен бірге, «Astana Ballet» сахнасында «Ұлы Дала мұрасы» концерттік бағдарламасы көрсетіледі
«Ұлы Дала мұрасы» концерттік бағдарламасы театрымызы ел ішінде де, шет елдерде деәйгілеп тұрған дүниеге айналды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Тәти қойған қазақ билеріндегі әйел бейнесі көрермен жүрегінен орын алған. Қайталанбас пластика тілі, орындаушылардың һас шеберлігінің арқасында, А.Тәти қойылымдары көрермен көкейінен шыққан қазақ халық биінің жауһарына айналды.