Қазақ симфониялық музыкасының атасы - Ахмет Жұбановтың шығармашылығына арналмақ.
Сіздерді ұлы композитор, музыкатанушы әрі дирижер Ахмет Қуанышұлы Жұбановтың мұрасымен таныстырар ерекше музыкалық кешке шақырамыз. Бұл кеште көрермен оның мәңгілік музыкасын тыңдап қана қоймай, оның отбасымен — ұлы композитордың шөберелерімен, Жұбанов әулетінің үрім-бұтағымен таныса алады.
Бағдарламада Ахмет Жұбановтың шөберелері — Жұбанов Жәңгір мен Жұбанова Іңкәр орындаған шығармалар шырқайды. Әртістер көрермен қауымды Ұлы бабаның шығармашылығы мен мұрасына байланысты отбасылық оқиғалармен бөліседі, сонымен қатар оның шығармаларына арналған жаңа музыкалық дискінің тұсаукесерін өткізеді.
Кештің жүргізушісі ретінде Ахмет Жұбановтың шөбересі болып табылатын "Астана Балет" театрының дирижері әрі әртісі Элмар Бөрібаев өнер көрсетеді.
Бұл жай ғана концерт емес, музыка тарихымен танысу — ұлы композитордың музыкасы оның ұрпақтары, отбасылық дәстүрді жалғастырушылар және оның фамилиясын ұстаушылар орындайтын кеш болмақ.