Хореографиялық мектептердің әлемдік шоқжұлдызы: «Temps lié» фестиваліне қатысушылардың гала-концерті

Қазақ ұлттық хореография академиясы "temps lié" хореографиялық оқу орындарының IV халықаралық фестивалі аясында қатысушылардың салтанатты гала-концертін ұсынады. 21 қарашада Astana Ballet кәсіби сахнасында Қазақстан, Ресей, Қытай, Мажарстан, Өзбекстан, Моңғолия және Қырғызстаннан жеті жетекші балет мектебінің білім алушыларын біріктіретін ерекше концерт өтеді. Талант, шеберлік пен арман тоғысқан сахнада орындаушылық өнердің ең жоғары деңгейін көрсету үшін кеңістік ашылады.
Жас әртістердің орындауында өлмес классикалық дәстүр, заманауи бейнелер мен ұлттық бояулар өмірге келіп, хореографиялық өнердің барлық байлығы мен алуан түрлілігін ашады.