«Мәңгі ел» мерекелік концерті мен «Қарлығаш» хореографиялық миниатюрасының премьерасы 

Республика күніне арналған «Мәңгі ел» мерекелік концертінің бағдарламасы аясында қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен тығыз байланысты ұлттық сахналық бидің баға жетпес байлығы мен сан қырын паш еткен хореографиялық миниатюралар көрермен қауымға тарту етіледі. Әртістердің шеберлігі, хореографтардың асқақ қиялының арқасында сахнада хореографияның ең маңызды әрі әсем жанры, жарқын, алуан түрлі халық биі халық өмірінің өзіндік энциклопедиясы іспетті. Мұнда халқымыздың арман-мүддесі, даналығы мен табандылығы көрініс тапқандай.
Көрермен қауым алғаш рет «Қарлығаш» хореографиялық миниатюрасын тамашалай алады. Қазақ КСР халық әртісі Ахмет Жұбановтың музыкасына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Тәти қойған «Бақыт құсы Қарлығаш» хореографиялық миниатюрасы көктем шуағындай жылулыққа, шексіз нәзіктік пен жарық сәулеге толы. Қазақ мәдениетінде Қарлығаш – бақыт, жайлылық пен көктем символы. Қарлығашқа баланатын бақыт туралы әр бойжеткен іштей армандайтыны анық. Ұзатылған шағында ол да отбасылық дәстүрдің қамқоршысына айналар шаңырақ құру жайлы армандайды. «Қарлығаш» – арман мен бақытқа ұмтылу туралы пластика тілімен баяндалған әпсана. Хореографиялық миниатюраға арналған костюмдерді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мүслім Жұмағалиев ойлап тапты.