Қозы Көрпеш – Баян Сұлу (Махаббат туралы дастан)

Екі көріністі балет

Қоюшы-балетмейстер – Георгий Ковтун

Суретші-сценограф – Андрей Злобин

Костюм суретшісі – Анна Ипатьева

Бейнесуретші – Дмитрий Шамов

Музыка: Ақтоты Райымқұлова

 

Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу – қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі сүйікті кейіпкерлердің бірі. Спектакльдің әр кейіпкері – Қозы мен Баян, Қодар мен Қария, Сарыбай мен Қарабайдың – өз лейтмотиві мен пластикалық тілі бар. Балет кейіпкерлерінің өмірі қазақ аңыз-әпсаналарымен астасып жатыр. Пәк махаббат сезімінің зұлым күшке қарсылығы – мәңгілік тартыс. Ұлттық бидің классикалық балет пен заманауи техникамен үйлесімді үндестігі арқасында спектакль авторлары мен әртістері ұлттық нақыштағы балет-эпосты дүниеге әкелді.

Қоюшы-балетмейстер Георгий Ковтун ұсынған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосының авторлық интерпретациясында классикалық және заманауи балет дәстүрі; қазақ халық биінің өрнегі мен акробатикаға тән элементтер; орындаушылықтың жаңашыл техникасы мен күрделі сценография; кең пішілген бай костюмдер мен көздің жауын алар декорация; ғажайып жарық әсерлері мен көкейге қонар музыка үйлесім тапқан. Бұл спектакль өте әсерлі. Сана-сезіміңізді дүр сілкіндірері анық.

Премьера - 2021 жылғы 2, 3 шілде, "Астана Балет" театры, Нұр-Сұлтан

Балет ұзақтығы 1 сағат 50 минут.

Билетті сатып алу Билетті сатып алу