Музыка: Адольф Адан
Біртуар хореография: Мариус Петипа
Хореография: Сон Чжонбин
Драматургия: Чжон Даён
Композиция және аранжировка: Ким Ингю
Костюм суретшісі: Луиза Спинателли
Свет: Ко Хисон
«Астана Балет» театрының жаңа маусымының салтанатты ашылуы!
А. Аданның «Корсар» әлемдік балет жауһарын «Астана Балет» сахнасында корей
балетінің жұлдыздары орындайды.
28-29 тамызда «Астана Балет» театры Кореяның Қазақстандағы елшілігімен және Korean
National Center бірлесіп Корей ұлттық балетінің гастрольдік қойылымын ұсынады.
Адольф Аданның музыкасына қойылған Сон Чжонбиннің қойылымы текті корсар Конрад
пен сұлу Медора туралы әйгілі хикаяның классикалық нұсқасын ұсынады. Көрермен
қауым қызықты оқиғалар, романтика, драмалық сюжеттік бұлтарыстар, мінсіз би
иірімдері мен әсерлі көпшілік көріністерді тамашалай алады.
Корей ұлттық балетінің қойылымы классикалық балеттің бай дәстүрін біріктіріп,
сценографияның ауқымдылығымен, әсемдігімен және жоғары орындаушылық
шеберлігімен таң қалдырады.
Корея Республикасының жетекші балет труппасының орындауындағы әлемдік сахнадағы
ең танымал балеттердің бірін көру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.