Хореография академиясының концерті

Қазақ ұлттық хореография академиясының есепті концерті

Дәстүр бойынша жыл сайын «Астана Балет» театрының сахнасында Қазақ ұлттық хореография академиясының жас тәрбиеленушілерінің концерті өтеді. Бағдарламада балет өнерінің ұлы шеберлері: М. Петипа, А. Сен-Леон, А. Горский, С. Кореняның классикалық хореографиясының жауһарлары, сондай-ақ заманауи шетелдік және отандық балетмейстерлердің шығармалары ұсынылады. Концертке кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің оқушылары қатысады.