«Кармен-сюита» және «Арканы судьбы»

«Кармен-сюита»


Музыка: Жорж Бизе-Родион Щедрин

Либретто және хореография: П.Мерименің «Кармен» новелласының желісімен либреттосын жазған А. Алонсо

Қоюшы: Тимофей Лавренюк

Суретші-сценограф: Жандос Омаров

Костюм суретшісі: Наталья Протасова

Жарық суретшісі: Евгений Тихонин

«Кармен-сюита» – ХХ ғасырдағы балет өнерінің жауһары. Еркіндікті сүйетін, албырт әрі жалындаған Кармен өмірінің хикаясы көптеген балетмейстерлерге шабыт беріп, үздік балериналар осы партияны орындауға құштар еді.

Жорж Бизенің әйгілі «Кармен» операсының хореографиялық интерпретациясы Майя Плисецкая үшін арнайы жасалған болатын. Опера тақырыбына музыкалық транскрипцияны композитор Родион Щедрин жазды. Ол партитураны жан-тәнімен беріліп шығарды. Ұлы опера мен Проспер Мериме романының нәзік психологиялық иірімдерін музыка арқылы шебер жеткізе білді. Кубалық балетмейстер Альберто Алонсоның жарқын әрі ерекше хореографиясының арқасында кейіпкерлердің асыл сезімдері мен мұң-мұқтажы көрермен жүрегіне жетіп, «Кармен-сюита» би өнеріне құштар жандардың сүйікті балетке айналып, дүниежүзінің әйгілі сахналарынан орын алды.

 

«Арканы судьбы»

Авторлар мен қоюшылар:
Музыка, либретто Карина Абдуллина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қоюшы-балетмейстер Мукарам Авахри, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Бұл дүние жайлы, адамның бұл жалғандағы орны жайлы түрлі түсінік қалыптасқан. Таро – Жаһан үлгісін қамтитын әмбебап жүйелердің бірі. Таро – ақиқаттың дәні бар ақыл; зор білімнің шырақшысы. Оны тек таңдаулылар ғана тани алады. Бұл адамзаттың өзін-өзі тану жолындағы түпсіз даналықтың кілті саналатын ақиқат пен терең білімге толы нағыз қазына.

Бес ғасыр бойы Таро өзінің мистикалық-аллегориялық символизмімен тарихшыларды, суретшілерді, ақындарды, енді, міне, хореографтарды да қызықтырып, тыным бермей келеді. Таро мистика мен жұмбаққа толы, құпия сыры шексіз. Сірә, жаһанның өзі іспетті. Бұл сыр жүйесінде әлемнің әсем әрі сан-алуан келбеті көрініс тапқан. Әр сыр, осы бір құпия бұлтарыстар – өзіңді тану жолындағы саты іспетті. Осы балеттің бейнелері адам баласының болмысын тануға жол ашып, бұл жалғанға оның қандай болып, әрі не үшін келетінін түсінуге мүмкіндік береді.