Кармен

Проспер Мерименің осы аттас новелласының желісімен қойылған бір актілі балет

Музыка – Жорж Бизе-Родион Щедрин
Либретто мен хореография – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Мукарам Авахри
Сценография мен костюмдер – Ольга Шаишмелашвили
Жарық – Денис Солнцев
Бейнебезендіру – Вадим Дуленко

Әйгілі шығарма интерпретациясының ерекшелігі сол, мұнда труппаның тек әйелдер құрамы қатысады. Карменнің бейнесін сомдаған бес биші – кейіпкер болмысының бес қыры. Әр үзіндіде олар бірін-бірі алмастырып, әйел затының құбылмалы көңіл-күйін сипаттағандай болады. Ал, бәрі біріккен тұста, қайғы-қасіретке толы әйел жалғыздығы туралы сыр шертіледі. Бұл балетте суперматизм мәнеріндегі бейнелеу өнері мен неоклассикалық хореография бірін-бірі толықтырып, сахнадағы көріністерді тұтас дүниеге айналдырады.

 

Премьера 2015 жылғы 24-маусым, «Астана Балет» театры, Нұр – Сұлтан
Балет ұзақтығы 36 минут